Май топтық су құбыры толық жұмыс iстемей тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Май топтық су құбыры толық жұмыс iстемей тұр

06.08.2020

Павлодар облысындағы 10 мыңнан аса халқы бар Май ауданына ауыз судың қашан толық берілетіні әзір белгісіз.

Құрылысы 10 жылға созылған Май топтық су құбыры қазір тестік режимде ғана жұмыс істеп тұр. Жергілікті билік былтыр желтоқсан айында нысанның пайдалануға берілгенін ресми мәлімдегенімен, 15 елді мекеннің халқы биылғы жылдың шілде айына дейін таза судан тарығып келді.

Бүгін облысқа келген Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кешенді стансаны арнайы келіп көрді. Орталық магистральға су жіберілген. Енді тұрғындардың ауыз су үшін қанша теңге төлейтіні белгілі болмақ

Әйгерім Ақжанова, «Нұра топтық су құбыры» шаруашылық жүргізу құқығындағы рмк бас директорының орынбасары:

«Судың әр текше метріне қанша төлем алынатыны әзірге белгісіз. Тариф бекітілген жоқ. Себебі, станса тестік режимде жұмыс істеп тұр. Толық қуатында жұмыс істеуге көшкеннен кейін барып тұрғындар үшін судың нақты төлем құны белгіленетін болады.»


Хабарламаларға жазылу