2 182 000 адамға коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2 182 000 адамға коронавирусқа қарсы вакцина тегін беріледі

06.08.2020

Елімізде 2 миллионнан астам адам коронавирусқа қарсы вакцинаны тегін алады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахмет мәлімдеді.

Қазақстан вакциналар мен иммунизацияның жаһандық альянсы құрған «COVAX Facility» бағдарламасына мүше. Жобаға қосылған елдер өз халқының 20 пайызын иммундау үшін CVI вакцинасымен қамтылады. Созылмалы ауруға шалдыққандар, қант диабеті мен өкпе ауруы барлар вакцинаны тегін алады. Жасы 65-тен асқан, жүрек-қан тамыры ауруы барлар және медицина қызметкерлері де осы қатарда.

Айта кетейік, негізі вакцинаның құны 4 мың мен 8 мың теңге аралығында.


Хабарламаларға жазылу