Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 25 912 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Олардың арасында 139 бала бар. Стационарларда 5 507 науқас жатыр. 20 405 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 170 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 36 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 41 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.