Ірі инвеститциялық жобалар жылдың ІІІ-ІV тоқсанында жүзеге асады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ірі инвеститциялық жобалар жылдың ІІІ-ІV тоқсанында жүзеге асады

05.08.2020

Коронавирустың салдарынан бірқатар ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асуы ұзаққа созылуы мүмкін. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов осылай деп отыр.

Әсіресе өңдеу өнеркәсібі көптеген қиындықтарға тап болды. Шикізаттың жоқтығы, қажетті құрылғылар мен жабдықтарды жеткізудегі кідіріс кәсіпорындардың жұмысына айтарлықтай кедергі. Сондықтан көптеген жобалар осы жылдың 3-4 тоқсанында ғана жүзеге асады дейді.

«Жалпы индустриаландыру картасы аясында 2020 жылы елімізде 160 жоба жүзеге асады деп жоспарланған. Қалыптасып отырған жағдайға қарамастан, жыл соңына дейін бәрі жүзеге асады деп сенемін»,- Аманияз Ержанов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі


Хабарламаларға жазылу