5 мыңға жуық мигрант Ресейден Қазақстан арқылы еліне оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 мыңға жуық мигрант Ресейден Қазақстан арқылы еліне оралды

05.08.2020

Қазақстан ұсынған транзиттік дәліз арқылы екі күннің ішінде 4 мың 600 ден астам Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары үйлеріне оралды. Бұлар негізінен Ресейден келген еңбек мигранттары. Көршілес қос мемлекет азаматтарын елге қайтаруға көмек көрсету бойынша бізге өтініш жолдаған.

Еске салайық, үшінші тамыз күні Қазақстан мен Ресей шекарасында жүздеген еңбек мигранты шекарашылармен жаға жыртысып қалды. Олар Ресейдің Самара облысындағы уақытша құрылған шатырлы қалашықта шекараның ашылуын күтіп бірнеше күн жатқан. Соңында шыдамы таусылып, шепті заңсыз бұзып өтуге әрекеттенді.

Азамат Алдоңғар

Хабарламаларға жазылу