Мұғалімдердің жалақысы келер жылдың қаңтар айынан бастап 25 пайызға өседі. Мемлекет басшысы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке осыған қатысты тапсырма жүктеді. Министрді қабылдаған Қасым-Жомарт Тоқаев педагогтердің мәртебесін көтеруге бағытталған жұмысты жалғастырудың маңыздылығына тоқталды. Ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды жүктеді.
Сонымен қатар, жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастыру жайын қадап тапсырды. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.