Ливан астанасы Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ливан астанасы Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды (ВИДЕО)

04.08.2020

Ливан астанасы Бейруттағы теңіз портының базасында бірнеше қатты жарылыс болды

Жергілікті биліктің алдын ала ақпараты бойынша, теңіз портында пиротехникасы бар кеме жарылған.

Ливан премьер-министрі Хасан Даиб 5 тамызды жарылыс кезінде қаза тапқан азаматтарды аза тұту күні деп жариялады. 

Алғашқы мәліметтер бойынша оқиғадан кем дегенде 10-нан аса адам қайтыс болып, 100-ден астам тұрғын ауыр жараланған. Құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Бейрут қаласының губернаторы Марван Аббуд шаһарда болған жарылысты Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Хиросима және Нагаскидегі жарылыстармен теңеді.

Жарылыс салдарынан Ливандағы ҚР дипломатиялық миссиясының ғимаратына зиян келді. Жарылыс кезінде дипломатиялық миссияның қызметкерлері жұмыс күні аяқталғандықтан қызмет орнынан кетіп қалған. Жарылыс толқыны салдарынан консул жеңіл жарақат алды.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі қазақстандық дипломаттар жергілікті билік органдарымен жедел байланыста екенін, Ливандағы Қазақстан азаматтарының жағдайы туралы ақпарат тексеріліп жатқанын мәлімдеді.


Хабарламаларға жазылу