Жаңа оқу жылына дайындық бүгінгі Үкімет отырысында пысықталды. Тұрғындардың індетке шалдығу деңгейі тұрақты төмендейтін болса, оқыту аралас және штаттық форматқа біртіндеп көшеді. Ол үшін білім беру ұйымдары санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Ал жалпы биылғы оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады.