Короновирустан емдеу үшін қымыз қолданылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Короновирустан емдеу үшін қымыз қолданылуда

04.08.2020

Ақмолалық дәрігерлер коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу үшін қымызды қолдануда. Көкшетаудағы облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанынан ашылған инфекциялық орталықта сырқат адамдарға күн сайын осы шипалы сусын беріледі. Қымыздан бөлек ас мәзірінде қазы-қарта мен сорпа бар.

Мамандардың айтуынша, қымыздың адамның иммунитетін көтеруге, азғаны қалпына келтіруге әсері зор. Сусынды тұрақты ішкен сырқат жандардың аурудан айығуы жылдам жүреді.


Хабарламаларға жазылу