Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді жеделдету керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді жеделдету керек

04.08.2020

Коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны әзірлеуді жеделдету керек. Жыл соңына дейін Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты жанынан вакцина өндіретін зауытты іске қосу да маңызды.

Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен Ведомствоаралық комиссия отырысында осы және өзге де бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Денсаулық сақтау, Сыртқы істер министрліктері COVID-19 вакцинасын сатып алуға алдын-ала келісімшарттар жасасу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Сондай-ақ, вице-премьер әкімдіктер мен министрліктерге медиина қызметкерлеріне тиісті үстемеақы мен өтемақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.


Хабарламаларға жазылу