Алматыда футбол матчын тамашалағандар әкімшілік жазаға тартылды. Тексеріс кезінде дәмхана басшылығы карантин талаптарын елемей, көп адамның бір жерде жиналуына жол берген. Шағын футбол алаңында 20 адам доп тепсе, 50 шақтысы жаздық алаңда отырып футбол тамашалаған.
Ал Нұр-Сұлтанда мобильді топ жұмысын тоқтатпаған екі нысанды анықтады. Олар да елдегі енгізілген карантин талаптарына мән бермей, келушілерді қабылдаған. Қазір калян мен караоке барға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды.