Тұрғын үй бағдарламасына қатысу жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғын үй бағдарламасына қатысу жалғасуда

03.08.2020

Алматы жастарына арналған жеңілдетілген несиемен баспана алу бағдарламасы жалғасуда. Шілдеде өтініш бергендердің бағдарлама талаптарына сай болған 526-сы жолдамаға ие болды. Ал 457 адам резервте. Бірінші кезең бойынша 1035 адамға жолдама берілген. Жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамту жөніндегі бағдарламаның шарттарына өзгеріс ензігілген соң тағы бес жарым мыңдай сұраныс қабылданды. Бағдарлама талаптарына сай келмеген екі жарым мың адамның өтініші кері қайтарылған. Айта кетсек, 13 миллионға дейінгі жеңілдетілген ипотекалық заем жылдық 5% мөлшерлемемен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы беріледі. Төлем қабілетін растаған қатысушылар 60 күн ішінде бірінші және екінші нарықта тұрғын үйді өздері таңдай алады.

Хабарламаларға жазылу