Көршілес елдерде жұқпалы дерт дендеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көршілес елдерде жұқпалы дерт дендеп тұр

03.08.2020

Ресей астанасы Мәскеуде карантинге қарамастан, жүгіруден жартылай марафон өтті. Спорттық шараға 9500 адам қатысқан. Жарысқа дейін олар маска тағып, барлығының дене қызуы тексерілді. Көптен күткен шараның өткеніне спортшылар да, ұйымдастырушылар да қуанышты. Дегенмен елде вирус жұқтыру оқиғасы азаяр емес. Қауіпті дертке шалдыққандар саны 856 мыңнан асты.

Өзбекстанда да жағдай мәз емес. Елде бір тәулікте 767 адам індетке шалдыққан. Ауруханаларда орын жоқ. Дәрі-дәрмек тапшылығы байқалады. Жалпы науқастар саны 26 мыңға жуықтады.


Хабарламаларға жазылу