Комитет басшысы дағдарысқа қарсы бөлінген қаржының жұмсалуына мониторинг жүргізу бойынша есеп берді. Оның сөзінше пандемиямен күреске бағытталған ресурстар жіті бақыланып отыр.
«Үкімет қабылдаған шаралардың тиімділігі жыл соңына дейін өз бағасын алады»,- деді Наталья Годунова.
Президент мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Мемлекет басшысы бұл мәселені жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті.