COVID–19 және пневмонияға шалдыққан науқастар туралы мәлімет барынша ашық болу үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 18 шілдеден бастап статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастырудың жаңа тәсілдерін анықтады.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап зертханада анықталған COVID-19 бен ПТР-тест нәтижесі таза, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмония бірге есепке алынады.
Коронавирус және пневмонияны есепке алудың жаңа тәсілі дұрыс болжам жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадр, төсек-орын, медициналық жабдық, дәрілік заттарды жоспарлауға, сондай-ақ статистиканың ашық болуына мүмкіндік береді.
Осылайша, 2020 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша, 1 226 адамнан COVID-19 анықталып, соңғы тәулікте 36 адам қайтыс болды. 5 181 науқас зертханада анықталмаған, бірақ коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар пневмонияға шалдыққан. Өткен тәулікте осы диагноздан 30 науқас қайтыс болды.