5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

5 жасқа дейінгі балаларға маска тақпауға рұқсат

01.08.2020

Маска тағуға қатысты талап қайта өзгерді. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бұйрыққа түзету енгізді. Енді ашық ауада жаттығатындар мен балаларға бетпердемен жүру міндетті емес. Бірақ, ережеге сәйкес рұқсат тек 5 жасқа дейінгі бүлдіршіндерге беріліп отыр. Сондай-ақ, топпен шынығатындар қатары 5 адамнан аспаса олардан маска талап етілмейді. Ал көліктің барлық қоғамдық түрін пайдаланған жолаушылар сақтануы шарт. Егер жеке көлігі болса онда маскасыз отырса да болады. 

Әсима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу