Украинада вирустың таралуы тағы да өршіп барады. Күніне мыңнан астам адам инфекция жұқтыруда. Себебі карантин талабын көпшілік сақтамай отыр. Көшеде жұрт маскасыз жүр, өзен жағасында бос орын жоқ. Суға шомылушылар санитарлық ережелерді мүлдем ескермейді. Қоғамдық тәртіпті бақылау үшін 17 мыңға жуық құқық қорғау қызметкері жұмылдырылғанымен, жетіспей жатыр.