Коронавирусқа қарсы отандық вакцина күзде адамдарға сынала бастайды. Өте қысқа уақытта жүргізілген ғылыми зерттеулер нәтижесінде, қазақ ғалымдары вакцинаны 9 мамырда әзірлеген. Сол кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы оны сынаққа алынған вакцина ретінде тіркеді. Содан бері тышқан, егеуқұйрық және қояндарға егіліп, сынақтан сәтті өтуде.
Досжан Маратұлы