Бүгін Қырғыз Республикасында ұлттық аза тұту күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековке көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз халқының ынтымағы елдегі эпид ахуалды жылдам тұрақтандыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді. Сондай-ақ Қазақстанның әрдайым бауырлас Қырғыз халқына көмек көрсетуге және коронавирус індетіне қарсы бірлесіп күресуге дайын екенін жеткізді.
Альбина Әшім