Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбековке Қырғызстанда коронавирус пандемиясының құрбандарын еске алу үшін ұлттық аза тұту күні деп жариялануына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан коронавирус пандемиясы салдарынан қайтыс болған бауырлас қырғыз азаматтарын ұлттық аза тұту күнінде қайғыларыңызға ортақтасып, қолдау көрсетуді жөн санадым. Осындай қиын-қыстау кезеңде мезгілсіз қайтыс болған адамдардың жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысымен бөлісемін, ал қазіргі уақытта аты жаман індетпен күресіп жатқан науқастардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.