Биыл қыркүйектен бастап университет оқытушыларының жалақысы өседі. Еңбекақы 20-дан 32 пайызға дейін көтерілмек. Бұл тек Білім және ғылым министрлігіне бағынышты жоғарғы оқу орындары педагогтарына қарастырылып отыр. Ондай 29 университет бар. Мемлекеттік гранттардың көбеюінен оқытушыларға осындай мүмкіндік жасалуда,-деді ведомство басшысы.
Нысаналы Ығыл