ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметке халық санағын кейінге шегеру туралы ұсыныс тастады. Оның айтуынша, санақты биыл өткізу қызметкерлер үшін де, халық үшін де қауіпті болуы мүмкін.
«Санақ өткізу халық пен қызметкерлер арасында жақын ара қатынасты әкелетін шарларды қамтиды. Арнайы мамандар үйлерді аралап, тұрғындармен бетпе-бет кездесуі керек болады. Сондықтан коронавирус инфекциясының кең таралуының алдын алу мақсатында Ұлттық экономика министрлігі Үкіметке осындай ұсыныс тастап отыр»,- деді министр.
Естеріңізге сала кетейік, халық санағы биыл 1 қазан және 31 қараша аралығында өтеді деп жоспарланып отыр.