Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іргелес салаларда 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, 255 мың жұмыс орнын құрайтын 6,5 мың әлеуметтік маңызы бар жоба іріктеп алынды. Шамамен 5,9 мың жобаның іске асырылуы басталып кетті.
«262 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болды. Оның ішінде 184 мыңы жұмысқа орналастырылды»,- деді Руслан Даленов.