ДДСҰ COVID-19 инфекциясының маусымдық сипаты жоқ екенін мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ДДСҰ COVID-19 инфекциясының маусымдық сипаты жоқ екенін мәлімдеді

29.07.2020
ДДСҰ COVID-19 инфекциясының маусымдық сипаты жоқ екенін мәлімдеді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 инфекциясының маусымдық сипаты жоқ және ауа райының өзгеруімен де байланысты емес екенін мәлімдеді. Вирустың таралуын барлығына белгілі қарапайым ғана шараларды қолданып қана тоқтатуға болады, соның бірі – әлеуметтік қашықтықты сақтау.

«Вирустың таралуына жыл мезгілі әсер ететініне сенуге әзірге негіз жоқ. Оның адамдар көп жиналатын, физикалық қашықтық сақталмайтын жерде таралатыны белгілі», - деді доктор Маргарет Харрис.

ДДСҰ-ға келіп түскен мәліметтерге қарағанда, бүгінде COVID-19 вирусын жұқтырудың 16 301 736 оқиғасы расталып, одан 650 069 адам көз жұмды.


Хабарламаларға жазылу