Қытай өз валютасы - юаньның долларға шаққандағы бағамын төмендетті. Қазір америкалық валюта шамамен 6,9 ренминбиге сатылып жатыр. Бұл – 2008 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш. Қытай орталық банкі юаньның әлсіреуін Американың протекционистік шараларымен және президент Дональд Трамптың Қытай тауарларына салықты көтеруімен түсіндіріп отыр.
Ал, Ақ үй басшысы осыған дейін әлсіз юань Қытайдың экспорттық өнімдерін арзандатып, оның шетелдік бәсекелестеріне нұқсан келтіреді деп шағымданған еді. Қытай мен АҚШ арасындағы сауда текетіресін тоқтатуға бағытталған келіссөздердің 12-ші раунды шілденің соңында сәтсіз аяқталды. Содан кейін Трамп Қытайдан келетін 300 миллиард доллардың тауарына қыркүйектің 1-нен бастап баж салығын 10 пайызға көтеретінін ескерткен-ді.
Арыстан Рысбек