Қырғызстанда 30 шілде коронавирустан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады. Бұл туралы Қырғыз республикасының президенті Сооронбай Жээнбеков мәлімдеді. Соңғы деректер бойынша елде 32 мыңнан астам COVID-19 бен пневмония оқиғасы тіркелген.