Тұтынушылық несие берудің тәртібі күшейеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұтынушылық несие берудің тәртібі күшейеді

23.07.2019

Ұлттық банк тұтынушылық несие берудің талаптарын күшейтпек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досав мәлімдеді. Айтуынша, алдағы уақытта азаматтарға несие бермес бұрын қарыз алушының төлем қабілеті мен әлеуметтік жағдайы міндетті түрде есепке алынады. Яғни, борыштық жүктеме коэффициентінің шекті мөлшерін есептеу кезінде отбасының кәмелеттік жасқа толмаған әрбір мүшесіне тиесілі ең төменгі күнкөріс мөлшері шегеріледі. Бұл – оңды-солды қарыз беруді және адамдардың банкке белшеден берешек болып қалудың алдын алмақ. Осы ретте тиісті заңға түзетулер енгізіледі.

Өзгертілген құжатты Ұлттық банк Парламенттің қарауына осы жылдың қыркүйегінде бермек. Ал осы айдың соңына дейін кепілсіз тұтынушылық несиелер бойынша есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдар кешірілетін болады.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банкінің төрағасы:

Банктер, микроқаржы ұйымдары және Үкіметтің Проблемалық кредиттер қоры арасында есептен шығарылған айыппұлдар мен өсімпұлдардың бір бөлігін өтеу туралы келісім жасалған соң, 20 тамызға дейін қордан банктерге және микроқаржы ұйымдарына айыппұлдар мен өсімпұлдар бойынша кешірілген берешектің 30%-ын өтейді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу