Қызылордада лицензиясы жоқ дәріхананың жұмысы тоқтатылды. Тиісті рұқсаты болмаса да жұмыс істеп келген нысанда елімізде тіркелмеген дәрі-дәрмектер сатылған. Облыстық прокуратура жанынан құрылған мобильді топ рейд кезінде белгісіз дәріхананы тексеріп, заңсыз әрекетін әшкереледі.