Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулерді мақұлдады. Мәжіліс төрағасының айтуынша Үкімет пен депутаттық корпустың мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізуі керек. Бюджетке енгізілген өзгерістер алдымен халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Президенттің тапсырмаларын іске асыруды қаржылық қамтамасыз ету үшін тиікелей инвестициялық қор құруға көзделген қаражаттың бір бөлігін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылады. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің айтуынша орталық және жергілікті органдар жұмысты үйлестіру керек, көмекті шын мұқтаж адамдар алуы тиіс. Бюджеттегі өзгеріске сай тікелей инвестицияларды тарту қорын құруға бағытталған 370 миллиард теңге қайта бөлініп, үш бағытқа жұмсалуы керек.
Айзада Құрманова, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты:
Халықтың тұтыну кредиттері бойынша жүктемесін азайтуға шамамен 89,2 миллиард теңге жұмсалатын болады. Осы санаттарға жататын адамдарды қандай өлшем шартттарымен айқынайтындарыңыз түсініксіз.
Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Қазіргі таңда алты категория анықталды.
Депутаттар шекті мөлшерді 56 пайыздан төмендетуі тиіс. Онлайн кредиттердің жылдың пайызы 500-ге дейін жетеді. Осы тйүткілді шешіп, қатаң бақылау жасалуы тиіс.
Нұртай Сабильянов, ҚР Парламенті мәжіліснің депутаты:
Бөлінген қаражатты пайдаланудың тиімділігіне назар аударып, Мəжіліс депутаттары осы мəселені мұқият қарап, қол жеткізілген нəтижелерді талдауға ниетті. Бүгінгі жалпы отырыста төртінші сессияның жұмысы қорытындыланды. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, осы сессия барысында депутаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияның ашылуында қойған стратегиялық міндеттерге баса назар аударылы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету мақсатындағы бастамалары заңнамалық жұмыста көрініс тапты. Бұл әлеуметттің әлеуеті артады деген сөз.
Бұл сессия Мәжіліс тарихындағы маңызды кезеңдердің бірі болды. Осыған орай елімізге, халқымызға қажетті көптеген заңдар қабылданды, көптеген парламенттік шаралар өтті.
Депутаттық корпус, Үкімет, тиісті мемлекеттік органдар жұмыла жұмыс істеді. 13 «Үкімет сағаты» мен 2 парламенттік тыңдау, 14 көшпелі отырыс және 4 халықаралық конференция ұйымдастырылды.
Индира БЕГАЙДАР