Қазақстан Үкіметі Ауғанстан мен Өзбекстанға гуманитарлық көмек жібермек. Премьер-министр Асқар Мамин арнайы қаулыға қол қойды. Ауғанстанға көрпе, шатырлар мен төсеніштер, киім-кешек жіберіледі. Ал өзбек ағайынға бидай, жарма, өсімдік майы және сүт өнімдерін жөнелту жоспарланған. Сондай-ақ, министрлер кабинетінің басшысы көрші елдерге гуманитарлық көмек көрсету бойынша бірқатар тапсырма жүктеді.