Жерлеу мен дәрі сатудан пайда көрмек болғандар жазасын алды – Б.Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жерлеу мен дәрі сатудан пайда көрмек болғандар жазасын алды – Б.Сағынтаев

23.07.2020
Жерлеу мен дәрі сатудан пайда көрмек болғандар жазасын алды – Б.Сағынтаев

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев пандемияны пайдаланып, көбірек пайда таппақ болғандар туралы мәлімдеді.

Қала әкімінің айтуынша, полицияға зират қызметкерлерінің заңбұзушылығын айтып, 8 адам жүгінген. Зират қызметкерлері оларды бекітілген сомадан бөлек 70-80 мың теңге төлеуге мәжбүрлеген. Қазір осы іс бойынша 2 адам ұсталды. 

«Қалада медициналық заттар мен дәрі-дәрмек бағасын шарықтатқан алыпсатарлар ұсталды. Олар ең қажет бұйымдарды көтерме бағамен көп мөлшерде сатып алған. Сосын интернет арқылы хабарландыру берген. Қалалық полициямен біріге отырып, клиент ретінде хабарласып, кездесуден соң оларды әшкерелеумен айналыстық. Осылайша 8,5 млн теңгеге дәрі-дәрмек тәркіледік», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу