Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген пневмония жағдайы жаңа КВИ статистикасына қосылмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген пневмония жағдайы жаңа КВИ статистикасына қосылмайды

23.07.2020
Қазақстанда жыл басынан бері тіркелген пневмония жағдайы жаңа КВИ статистикасына қосылмайды

Қазақстанда соңғы 20 күнде 63 491 пневмония жағдайы тіркелді.

Жыл басынан бері 234 187 адам індетті жұқтырған. Қазір 45 мың науқас стационарларда ем алып жатыр. 

Бұл туралы ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

 Еске сала кетейік, 1 тамыздан бастап коронавирус пен COVID-19 белгілеріне ұқсас пневмония статистикасы қосылып есептеледі. Алайда Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елде тіркелген 234 мың пневмония жағдайының аталмыш статистикаға қосылмайтынын жеткізді.

«ДДСҰ коронавирус инфекциясына ұқсас пневмония жағдайын кодтайтын жеке код шығарды. Осы бойынша біз 1 тамыздан бастап дәл сол уақытта тіркелген жағдайларды ғана статистикаға қосамыз. Яғни, бұған дейін анықталған жағдайлар жаңа статистикаға кірмейді, өйткені оның коды басқа», - деді министр.

Фото: afp.com

Хабарламаларға жазылу