Энергетика министрлігі шағын көлемді баламалы қуат көздерін қолдауға арналған заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет сағатында Қанат Бозымбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжат электр өндіруде және жылу беруде күн құрылғыларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Мемлекет бұл жобаны субсидиялап, қазақстандықтарға жеңілдік ұсынуға әзір. Энергетика нысандарының құрылысы мен оларды қайта құруға республикалық бюджетте 30,9 млрд теңге қаражат қарастырылып отыр.