Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді

21.07.2020
Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді

Алексей Цой коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді.

«Тәулігіне коронавирус жұқтыру өсімі 4 пайыздан 2,1 пайызға азайды. COVID-19 індетінен жазылғандар саны 60 пайызға жетті. Жедел жәрдем шақыру 23 пайызға төмендеді. Провизорлық төсек-орындардың жүктемесі - 20, жансақтау бөлімінің жүктемесі 6 пайызға төмендеді», - деді министр Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, 22 шілдеге дейін еліміздегі медициналық ұйымдар бір айлық дәрі-дәрмек қорымен қамтамасыз етіледі. Қазіргі таңда инфекциялық және провизорлық стационарларда 1958 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Әкімдіктермен бірге қосымша 4183 аппарат сатып алынуда. Сонымен бірге 20 мыңға тарта төсек-орын оттегіге қосылады. Оның ішінде 17762 төсек-орын оттегі концентратымен қамтылады. 

Хабарламаларға жазылу