20 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша 42 500 теңге төлем тағайындауға азаматтардан 1 млн 55 мың өтініш қабылданды. Төлем 880 мың адамға тағайындалды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, өтінім бірнеше арна арқылы қабылданады.
1 миллион 55 мың өтінімнің ішінде:
– 688,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;
– 271,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-бот арқылы;
– 50,3 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;
– 44,8 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстар арқылы өтініш берген.
Қордан 880 мың адамға төлем тағайындалды.
Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.