Петропавлда пандемия уақытында табыссыз қалғандар мен жас мамандарға 1600-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Жалпы, бұл 3-інші рет өткізіліп отырған жәрмеңке. Өңірде құрылыс саласындағы жұмыс күшті тапшы. Жастар тәжірибесі мен коммуналдық қызметтер де бос орындарға адам іздеп жатыр. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 900 адамды еңбекке тарту жоспарланған.