Ауыл халқы үшін күндізгі стационар жұмыс істеп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл халқы үшін күндізгі стационар жұмыс істеп тұр

18.07.2020

Түркістанның іргесіндегі 13 мыңдай тұрғыны бар Шорнақ ауылында бұған дейін шағын емхана бар, ал аурухана жоқ еді. Басы ауырып, балтыры сыздағандар Кентау немесе Түркістанға сабылатын. Вирус өршіп, ауру-сырқау көбейгенде, оңтайлы шешім қабылданды. Емханаға жапсарлас ғимарат жөнделіп, күндізгі стационар бөлімі кеңейтілді. Осылайша бір мезгілде 35 адам жатып, ем қабылдауға жағдай жасалды.  

Гүлжазира Қалиқызы

Хабарламаларға жазылу