42500 теңгеге өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

42500 теңгеге өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

17.07.2020
42500 теңгеге өтінімдер қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылады

Азаматтарға ыңғайлы болу және порталдардың шамадан тыс жүктелуіне жол бермеу мақсатында egov.kz және 42500.enbek.kz-те Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді қабылдау кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

16 шілдеден бастап бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын адамдар үшін sms-хабарламаларды жіберу арқылы біржолғы төлемді тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету жүзеге асырылады. Осы санаттағы, проактивті қызметті пайдаланбаған азаматтар үшін өтінімдерді қабылдау проактивті қызметті көрсету аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

Жеке кәсіпкерлер, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар және жеке практикамен айналысатын адамдар үшін төлемге өтінімдер қабылдау 17 шілдеде басталады.

Өз қызметкерлеріне өтінім беретін жұмыс берушілер (заңды және жеке тұлғалар) үшін өтінімдерді қабылдау 19 шілдеден басталады.

Өтініш беру жолдары:

- egov.kz порталы арқылы;

- 42500.enbek.kz порталы арқылы;

- Telegram-боттар арқылы;

- Aitu мессенджеріндегі 42500.enbek.kz қосымшасы арқылы;

- Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы.

Өтінімдерді 1 қыркүйекке дейін қабылданады.


Хабарламаларға жазылу