![Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты](https://cdn.qazaqstan.tv/2020/7/17/1594966330963.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты. Бұл туралы Twitter-дегі парақшасында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев хабарлады.
«Экология министрлігінің стихиялық үйінділер бойынша жедел желісінің нөмірі: +77759524900. Бұл желіге Қазақстанның кез келген тұрғыны өз қаласы немесе ауданындағы заңсыз қоқыс орындары мен деректері туралы, оның ішінде, соны растайтын фото, бейнематериалдарды жолдай алады. Сіздермен, сондай-ақ Ішкі істер департаменті және әкімдіктермен бірге жағдайды бақылап, сол жерге барып, шара қабылдайтын боламыз», - деді министр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Экология министрлігі заңсыз қоқыс орындары бойынша жедел желіні іске қосты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/129223/)