Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ пен әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратты тексеретін stopfake.kz сайтын іске қосты.
Аталмыш сайт фактілерді мұқият тексеріп, ақпараттардың шын-жалғанын анықтап, нәтижесінде олардың фейк, манипуляция, арандату екендігін жариялайды.
Интернет-ресурста «Жалған ақпарға шағымдану» функциясы бар, ол арқылы кез келген адам редакцияға хат жолдап, шындыққа сәйкес келмейтідігін айтып шағымдана алады.
Жалпы, бұл сайт қоғамды дұрыс ақпараттандыруға, ақпараттық манипуляциялармен күресуге бағытталған.