Ауруханаларға 3 млрд теңгенің медициналық препараттары таратылуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауруханаларға 3 млрд теңгенің медициналық препараттары таратылуда

15.07.2020
Ауруханаларға 3 млрд теңгенің медициналық препараттары таратылуда

Ауруханаларға 3 млрд теңгенің медициналық препараттары таратылуда.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова айтты.

«Қазіргі уақытта бірыңғай дистрибьютор ауруханаларға құны 3 млрд теңгеге жуық медициналық препараттарды тарату жұмыстарын қолға алды. Сонымен қатар 3 айға қажетті резерв құру үшін отандық өндірушілерден және импорттаушылардан дәрілік заттар сатып алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта науқастардың болжамды саны бойынша бірыңғай дистрибьютор барлық ауруханаларды жыл соңына дейін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін қоймаларды толтырады», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу