Баға өсірген дәріханаға шағымдану керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Баға өсірген дәріханаға шағымдану керек

14.07.2020

Бағаны көтерген дәріхана иелерін лицензиясынан айыру керек. Қоғамдық бақылау өкілдері осыны талап етіп отыр. Мәжіліс және мәслихат депутаттары мен антикоррупциялық қызмет өкілдері Елордадағы 30 дәріхананы аралап шықты. Препараттар карантин уақытында 2 мыңнан 10 мың теңгеге дейін артық бағамен сатылған. Бәрінде дерлік коронавирус пен пневмонияны емдеуге септігі тиетін дәрі-дәрмектер жоқ. 

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу