Қашықтан оқитын студенттердің оқу ақысы арзандай ма?
Білім министрі бұл сауалға жауап берді.
«Жоғары оқу орындарына академиялық және қаржылық дербестік берілген, сондықтан оқу ақысы қанша болатыны туралы мәселені әр институт, әр университет, әр академия өзі шешеді. Қашықтан оқытқанда шығын аз болады деген түсінік бар. Негізінде олай емес, мысалы оқу орнында 5 корпус болса, бесеуі де жабылмайды. Оның коммуналдық шығындары, жұмыс істеп жатқан оқытушылардың шығындары бар», - деді Асхат Аймағамбетов брифингте.