Карантин режимі тағы екі аптаға созылады

13.07.2020
Карантин режимі тағы екі аптаға созылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев карантин тағы екі аптаға созылатынын мәлімдеді. 

«Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі тағы екі аптаға созылып, шілденің соңына дейін жалғасады. Ертең Үкіметтік комиссия шешім қабылдайды. Азаматтарымыз денсаулығын сақтау үшін карантиннің негізгі талабы - өзін-өзі оқшаулау шарасын қатаң ұстануы қажет», - деп жазды Президент Twitter-де.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаева карантиннің ұзартылуына байланысты шілде айында қазақстандықтарға 42 500 теңге жәрдемақы төленетінін айтты.

«Қазір жағдайдың реттеле бастағанының алғашқы нышандары байқалады. Ахуалды толық тұрақтандыру үшін алдағы екі аптаның маңызы зор. Мұқтаж жандарға үкімет шілде айына 42 500 теңге төлейді», - деп жазды Президент.

Хабарламаларға жазылу