Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы шешімін тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда дәрі-дәрмек тапшылығы шешімін тапты

13.07.2020

Алматы әкімдігі дәрі-дәрмек тапшылығы неден туындағанын түсіндірді. Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев, осыдан 2 апта бұрын пандемияға байланысты жекелеген дәрілерге сұраныс едәуір өскенін айтты. Халық әр дәріні бірнеше қораптан сатып ала бастаған. Мысалы, мегополисте әдетте жылына 100 мың қызу өлшегіш сатылса, пандемияға кезінде екі-үш күнде 50 мың данасы саудаланыпты. 

Қуан Нұрақын 

Хабарламаларға жазылу