Шығыс Қазақстанның Аягөз ауданындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінен коронавирус анықталды. 35 бала мен 22 қызметкер қауіпті індетке шалдыққан. Бұл мекемеде психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған 100-ден астам жеткіншек бар. Олардың екеуі коронавирус жұқтырғаны маусым айының соңында белгілі болып, дереу аудандық ауруханаға жатқызылған.