Еліміздің барлық мешіттерінде індеттен көз жұмғандардың рухына құран бағышталды. Дін өкілдері марқұмдардың туыстарына сабыр тіледі. Сырқаттанып қалғандардың тез сауығып кетуі үшін де дұға жасалды. Бас мүфти бір қиындықтың артында қос қуаныш қатар келетінін айтып, жұртшылықты бір-біріне жанашыр болуға шақырды. Жаназа кезінде сақ болып, рәсімге көпшіліктің жиналмауын тағы бір ескертті.
Әсима Нұрбайқызы