«Самұрық-Қазына» мен «Атамекен» ҰКП отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» мен «Атамекен» ҰКП отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды

15.05.2019

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының төрағасы Тимур Кұлыбаев қатысты.

Келісім-шарт шеңберінде жаңа өндірістерді қолдауға бағытталған кем дегенде 10 оффтейк-келісім жасау жоспарланған. Екі тарап та өндірісті жаңғыртуға бағытталған ұзақ мерзімді келісімдер жасау тетігінің тиімді боларына сенімді. 

Ахметжан Есімов, «Самұрық–Қазына» АҚ басқарма төрағасы:

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – «Самұрық-Қазына» АҚ сатып алу жүйесін дамытудағы негізгі мақсаттардың бірі. Қазақстандық тауар өндірушілердің дамуының арқасында Қордың компаниялары сапалы тауарды тиімді бағамен сатып алуда, соның арқасында сатып алуға бөлінген қаражат айтарлықтай үнемделуде.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу