Еліміздегі жол саласында байлауын таппаған тірлік шаш етектен. Мәселен, елордадан 25 шақырым жердегі Аққайың ауылына баратын жол осыдан үш жыл бұрын жөнделген. Алайда, ауыл маңындағы бірнеше карьерге келіп-кететін жүк көліктері тақтайдай жолды жыл өтпей жыларман күйге түсірген.
Еркін Съезұлы