Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдей түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлерге несие алу жеңілдей түсті

14.05.2019

Қазақстанда алғаш рет бизнес өкілдерінің капиталына арналған жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы ұсынылып отыр. Өйткені осыған дейін отандық кәсіпкерлерге берілген қаржыландыру пайызы жоғары еді. Несие жүктемесі көп әрі кепіл қою міндетті болған. Ал, жаңадан ұсынылған жоба бұл кедергілердің бәрін жоймақ.

Бүгін мамандар елордада бас қосып, жаңашылдықтар жайында баяндады. Қаржыландырудың жалпы сомасы 50 млрд теңге көлемінде болмақ.

Жандар Құтпай, «Бәйтерек Venture Fund» қорының басқарма төрағасы:

- Біріншіден, несие мөлшерлеме пайызы 8 пайызға дейін төмендетіледі. Екіншіден, несие көлемі артады. Ол бір жеке кәсіпорынға 1 млрд-тан 5-млрдқа дейін тікелей беру құралдары қарастырылып отыр.

Әсима НҰРБАЙҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу